Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер назарына!    

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес  асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1- тармағының 41)тармақшасына сәйкес және  2010 жылдың 19 наурызындағы    «Мемлекеттік статистика»   заңының      16 - бабының        3 - тармағының         2 - тармақшасын      қоса

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыз № 108 бұйрығымен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» (бұдан әрі - Қағида) ережесі бекіді. Осыған сәйкес Қағидалардағы Мемлекеттік корпорация арқылы берілетін өтінімдерді қарастыру тәртібі жайында түсініктемелік ақпарат.

Өтінім беру электрондық форматта. www.Qoldau.kz порталы арқылы ақпараттық субсидиялау  жүйесімен  (ИСС)   жүзеге асырылады

Әрбір ауылшаруашылығы тауар өндіруші субсидия алуға өтінімді жеке электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦП) мен  (ИСС) арқылы өтінімді қалыптастырады және  электронды түрде облыстық ауылшаруашылығы басқармасына өтінімді жолдайды.

МІҚ малдарының асыл тұқымды және селекциялық жұмыстарын субсидиялау бойынша ағымдағы жылдың 15-ші сәуірінен  1-ші қазан аралығында өтінім қабылдау жүргізілетінін хабарлаймыз.

Асыл тұқымды және слекциялық жұмыстарға қатысатын бұқалардың жасы  маусым айының 1-не дейін 12 айға толуы  және 25 бас аналыққа 1 бас асыл тұқымды бұқадан болуы шарт.

7 айдан бастап 15 айға дейінгі бұқашықтарды 1000 басқа арналған бордақылау алаңдарына өткізіу бойынша 1 бас бұқашықтың тірі салмағы 200 кг кем болмауы қажет. 1 кг тірі салмаққа 200 теңгеден субсидия қаражаты қарастырылған.

Қой малдарының асыл тұқымды және селекциялық жұмыстарын субсидиялау ағымдағы жылдың 1 қырүйегінен басталғанын  хабарлаймыз.     ( қой малдарының аналық бастарының селекциялық жұмыстарына  25 бас саулыққа  1 қошқардан)

Асыл тұқымды мал сатып алудың  құнын арзандату бойынша  субсидиялауға өтінім қабылдау жалғасуда.

         МІҚ малдарының тұқымдық түрлендіру бағдарламасына қатысуға асыл тұқымды бұқаларды операторлардан жалға алу (аренда)  мүмкіндігі бар. Шағылысу мерзіміне сәйкес 15 сәуірден 1 қазан аралығында келісім шартпен оператордан алған асыл тұқымды бұқаларды жалға алу арқылы  табынға қосып, шағылысу мерзімі аяқталғанда сапалы күйінде операторға қайта жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Жалға алынған бұқаларға жалға алушы қаржы төлемейді, есесіне аналық малдарына  арналған субсидия қаражатына қол жеткізе алады.

       Оператор - бір уақытта сыйымдылығы  1000 бас шамасында бордақылау алаңы бар асыл тұқымды бұқаларды коммерциялық және қоғамдық табындарға жалға беру, сондай-ақ бордақылауға арналған бұқаларды сатып алуды жүзеге асырады.

Ескерту: Өтінім беру үшін әрбір шаруа қожалығы өзіне тиесілі жер телімдерін электронды цифрлы картаға түсіруі тиіс. Жер телімдері цифрлы картаға түспеген жағдайда өтінім қалыптастырылмайды.

Қосымша анықтаманы: ауданның кәсіпкерлік және  ауыл шаруашылығы  бөлімінен  төмендегі телефондар арқылы  немесе www. abay.vko.gov.kz  аудан әкімінің интернет  ресурсынан  алуға  болады.

8(72 252)  91551, 8(72 252) 91740 (факс), 8(72 252) 92106,8(72252) 91969 .