Көрмеге қолөнер бұйымдары қойылды

Ежелгі қазақ даласын мекендеген түркі тілдес халықтарға тән және тарихи-рухани сабақтастығымызды білдіретін мереке ол Наурыз  мерекесі

Наурыз мейрамы-ежелгі заманынан  жыл бастау мейрамы.Өйткені 21 нен 22 неқараған түні  түн мен күннің теңел,самарқанның көк тасы жібіген күн. Киелі қарт Шыңғыстың бойында орналасқан заманының иесі, кейінгі ұрпақтын киесі болған Кеңгірбай би ауылымызда  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі  тойланып, жалғасын табуда.

22 Наурыз күні Кеңгірбай би ауылында «Әз Наурыз-2019» мерекелік шарасы өз денгейінде  өткізілді.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде ауылымыздың  орталығында қос киіз үй тігіліп, келген қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, наурыз көжеден дәм татты. Ауыл әкімі Д.Амангелдин  мерекелік шараға жиылған қонақтармен, ауыл халқын құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Сонымен қатар  Абай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Сағадиев   аудан әкімі Ж.Байсабыровтың ауыл халқына Наурыз мерекесіне орай құттықтауын жеткізді.

Мерекелік шарада  күмбірлеген күй ойнап, дәстүрлі ән шырқалып,  мың бұралған  бишілеріміз би билеп, ұлттық салт- дәстүрден сыр шертіп, көнелі  көрініс көрсетілді, Қыдыр ата бата берді.

Ақ түйенің қарны жарылған Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы бойына барлық салт- дәстүрлер мен ұлт екрекшелігін жинаған ерекше күн. Бұл күні қолдарынан өнер тамған қол өнер шеберлерінің бұйымдарыда  ұлттық нақышта безендірілген көрмеден орын тапты.Мереке барысы одан әрі ұлттық спорттық ойындармен жалғасын тапты. Ұлдар мен қыздар арасында жекелеген сында  қол күресі, арқан тартыс, гир көтеру,қазақ күресі 60келіге  дейін және 60-тан жоғары салмақта үздік шыққан жеңімпаздарға қаржылай сый -сияпат табыс етілді. 

 Мерекелік ойындардың сәнін ажарландыра түскен сайыс ол әрине тай жарысы болды. Көрші ауылдардан келген сайыскерлермен өткізілген жарыс мерекеге үлкен әсер берді.

 Тай жарысына Медеу ауылының бәйгесі  I- орын 50 мың теңгені,  II орынды Қарауыл ауылының  тайы 25 мың теңгені, III орынды Көкбай ауылының тайы 15 мың теңгені қанжығасына байлады. 

Ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелеріміз Ұлыстың Ұлы күні мейрамында баталарын беріп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын » - демекші, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің өтуіне  демеушілік көрсеткен ауылымыздың   1978 жылғы туылған азаматартарына  алғыс білдіріп, рахмет айтамыз.