Ұлттық тағамдар сайысы өтті

22-наурыз Ұлыстың ұлы күнін Құндыздылықтар ерекше көңіл күйде қарсы алды. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысып жатты. Тұрғындар үй - үйді аралап, Наурыз көжеден дәм татты. «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік шараға жылдағыдай бүкіл ауыл тұрғындары ат салысып ауызбіршілікпен тойлады.Көше тұрғындары тіккен қазақ үйлерде дастархан жайылды. Сонымен қоса ұлттық мерекеде ұлттық спорттық ойындар тай жарысы, арқан тарту, ерлер арасында қол күресі, кір тасын көтеру ойындары ойнатылып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Соңы жастар арасында футболдан жарыспен аяқталды.

21–наурыз күні «Жастар жылы» жастарды қолдау мақсатында ауылымыздың «Байтөлек қажы» мешітінің имамы А.СүлейменовтыңұйымдастыруыменАқтамберді атындағы спорт кешенінде ауыл жастары арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Жарысқа ауыл әкімі Д.М.Ысқақов, Абай ауданы мешітінің бас имамы Б.Н.Самырбаев, ардагер ұстаз Т.Сүлейменов қатысты. Жарысқа қазақ күресінен жаттықтырушы Д.Асқарұлы, Б.Өртбаев төрелік етті.І орынды Ә.Серікқазин, ІІ орынды А.Еңсебаев, ІІІ орынды Ә.Әділов ие болып мақтау грамота, медальдармен қатар арнайы кубокпен марапатталды.

Іс-шара басында ауыл әкімі Д.М.Ысқақов, сөз алып тұрғындарды ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Абай ауданының спорт және денешынықтыру бөлімінің бас маманы Н.Тлеумбердин де өз құттықтауымен қатар Абай ауданының әкімі Ж.Б.Байсабыровтың құттықтау хатын жеткізді. Әрі қарай мереке Жастар саябағында тамаша мерекелік концертпен жалғасты. Ән-бимен қатар, әр көше тұрғындары «Атқа мінгізу», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» сияқты  салт-дәстүрлерді көрсетіп мерекенің көркін қыздырды.

Ұлыстың Ұлы күні әз - Наурыз мерекесінде салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптей отырып, ынтымақтастық, ауызбіршілік пен белсенділік танытқаны үшінЖ.Садырбай көшесі, Ш.Әбенов көшесі, Жаңа ауыл, Бөгенбай көшелері ауыл әкімінің арнайы алғыс хаты мен сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарды жаңғырту, халық арасында насихаттау мақсатында өткізілген шарада Ш.Әбенов көшесінің тұрғыны Кәріпжанова Рамияш апа «Әсіп» тағамын, Шәкірім көшесінен жаста болса көпшілікке үлгі болып А.Үркімбаева «Өрметөстік» тағамын дайындап әкеліп салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптегені үшін ауыл әкімінің арнайы мақтау грамотасы және сыйлығымен марапатталады.

Арқан тартуда І орын жаңа ауыл командасы Ж.Садырбай көшесінің арнайы тағайындаған сыйлығына ие болды.Тай жарысында ІІ, ІІІ орынды Қ.Тілегеновтың тайы оза шапса, І орынды М.Нұғымаровтың тайы еншілеп ауыл әкімшілігінің арнайы сыйлығы мен грамотасы табысталды. Ш.Абенов көшесінің жүлдесіне ұйымдастырған ерлер арасындағы қол күресте І орын Қ.Мырзағазин, ІІ орын А.Мырзаханов, ІІІ орын Р.Абаев алды.Кір тасын көтеруде жаңа ауыл тұрғындарының атынан тіккен жүлделерге Қ.Мырзағазин, Е.Жұмағалиев, Б.Амангелдин, Р.Абаев, Ж.Сайлаубеков ие болды.

            Мерекені ауыл жастары футбол ойынымен қыздырды. 6 командадан құралған жарыста І орын жастар құрамасы, ІІ-орынды 2000 жылғы, ІІІ орынды жаңа ауыл жастары иеленді. Бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, халық қастерлейтін осынау мерекелі күнді құндыздылықтар береке-бірлікпен өткізе білді.