Хабарландыру

Алдағы уақытта кәсіпкерлерге қажетті кеңес алу үшін түрлі мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Тиісті қызметтерді «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасыкөрсетеді. Биыл кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ұсынылатын қызмет түрлерін кеңейтіп, толық форматты негізде жұмыс кестесіне көшті.Өткен жылы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы еліміздің бірқатар өңірлерінде ашылған. ОндаймүмкіндіккеАбай аудандық Кәсіпкерлер Палатасының Филиалы ие болды. Орталық жұмысы шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін, өз ісіне нд ібастағандарға кәсіпкерлік жайында тегін ақыл-кеңестер беруге бағытталған. Биылдан бастап, орталықта көрсетілетін қызмет түрлері айтарлықтай кеңейе түспек. Мұндай кабинеттің ашылуы кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Кеңесшілер «бір терезе» қағидасымен қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда сіз орталыққа келіп тіркеліп, өзіңізді мазалаған сұрақтарға тиісті жауаптарыңызды ала аласыз.

Бүгінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында заңгер мен есепшінің көмегі және кедендік, салықтық төлемдер, ІТ технологиясы бойынша жәрдемдесу, маркетингтік қызмет, мемлекеттік меншіктік серіктестік,мемлекеттік сатып алу сияқты  консультативті қызметтер көрсетіледі.Сервисті қолдану үшін Services.Atameken.kz сайтында тіркеліп,өзі жайлы барлық мәліметтерді толтырып, қызметке тапсырыс бере алады.Толығырақ ақпаратты Абай аудандық Кәсіпкерлер Палатасының Филиалынан Мамай көшесі,31.мекен-жайы бойынша біле аласыздар.