«Тәтті күлкі» қайырымдылық акциясы өтті

10 сәуір күні мүмкіндігі шектеулі жандарға қуаныш пен күлкі сыйлау мақсатында Абай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ және   Жас отан  ЖҚ  бастауымен, ауданымыздың «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бөлімшесі қызметкерлерінің қолдауымен «Тәтті күлкі» қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға ауданымыздың бас имамы Самырбаев Болат Нұрболатұлы, ауданымыздағы кондитерлік өнімдерін дайындаудағы өз ісінің шеберлері Смагулова Гүлнұр мен Бейсенбекқызы Алуа  және ШҚО кәсіпкерлер палатасының Абай аудандық филиалының ұжымы демеушілік көрсетіп,  үлкен үлестерін қосты.. Акция барысында концерттік бағдарламада Қаламқас ән би ансамблінің жас әншілері өнерін көрсетті. Соңынан келген жас қонақтарға тәттілер ұсынылды