3 мамыр күні оқушылар арасында ұлағатты ұстаз Искаков Танат Қайырбекұлын еске алуға арналған кіші футболдан аудандык жарыс өтті.

Жарысқа жиыны 9 команда қатысты. Ашылу салтанатында ардагер ұстаз Б.Хаметов пен Е.Имаханов сөз сөйледі. Жарыс жеңімпаздарына аудандық білім бөлімінің мадақтамасы және Қарауыл гимназиясының демеушілігімен алынған бағалы сыйлықтар табысталды.