Инклюзивті білім беру

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіштеріне жетуге, барлық адамдардың сапалы білім алуына толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның қанағаттануына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды толерантты қарым-қатынас қалыптастыруға, инклюзивті білім беруді ресурстық қамтамасыз етуге, нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік береді. ШҚО әкімінің 26.11.2018 жылғы №131 өкімі негізінде инклюзивті білім беру жобасын дамытуға бірқатар міндеттер жүктелген болатын.

Сондықтанда инклюзивті оқыту бүгінгі таңда өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру болып табылады.. Осы бағытта аудандық білім бөлімі тарапынан инклюзивті білім беретін мектептермен тығыз байланыс орнатып, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіп, қоғам өміріне бейімдеу және кіріктіру, сонымен қатар толыққанды білім алуларына ықпал етуде. Бүгінде ауданымыздың 5 мектебінде және балабақшаларда ерекше білім беруді қажет ететін 36 оқушы, және үйден тегін оқитын 16 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда жиыны 52 мүмкіндігі шектеулі оқушы қамтылып отыр. Аталған мекемелерде инклюзивті білім беретін мұғалімдер саны 193-ті құраса, үйден тегін оқытылатын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер саны 73, жалпы мүмкіндігі шектеулі балаларға 266 мұғалім сабақ береді.

    Облыс бойынша инклюзивті білім беру 2020 жылдың аяғына дейін 75

     пайыз қамту көзделген. Ата-аналар тарапынан түсінбеушілік болып

     жатады.Осы орайда аудандық білім бөлімі тарапынан осы сұрақтарға

     жауап беріп, бағыт бағдар алуға болады. Сенім телефон:

     8/72252/9-18-17 , 87785006484