«Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицей» КММ педагогикалық ұжымының ұйымдастыруымен «Білікті жас ұстаз» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар болып өтті.

Семинар мақсаты: пилоттық жоба бойынша ағылшын тілінде оқытылатын жаратылыстану-математикалық пәндерді оқыту бойынша аудан көлемінде жас мамандардың іс-тәжірибесін насихаттау, инновациялық әдіс –тәсілдерді жетілдіру, ЖМЦ пәндерінен олимпиадалық есептерді шығару жолдарымен тәжірибе алмасу. «ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің ережелері» (Астана, 2018ж) құжаттамасына сәйкес пилоттық жобаның жаратылыстану-математикалық және ағылшын тілі мамандарынан құралған шығармашылық тобының үлгі сабақтары мен шеберлік-сыныптары көрсетіліп, пәндік терминологияны ағылшын тілінде өткізе білген жас ұстаздардың кәсіби шеберлігі, озық тәжірибелері таратылды.

Сондай-ақ, «Робот техникасы», «Абай әлеміне саяхат», «Ұлы даланың жеті қыры», «Зияткер» сыныбы тәрізді мектептің ғылыми-әдістемелік, рухани-танымдық тыныс-тіршілігінің шығармашылық тәжірибелері насихатталды.