2019 жылдың 20 сәуір күні ШҚО Білім басқармасының қолдауымен Абай ауданының жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының 9-сынып оқушылары арасында ауыл балаларына арналған IQanat олимпиадасының іріктеу кезеңі болып өтті. Олимпаданың мақсаты: ауыл оқушыларының арасынан қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру ; математика, физика, ағылшын тілі және әдебиет сияқты пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру.

Олимпиаданың ашылуында «IQanat білім беру қоры» облыстық филиалының координаторы Матыбаева Анар Алпысбайқызы және аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д. Әбенова негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқтала отырып, қатысушы жеткіншектерге сәттілік тіледі. Олимпиадаға 1-кезеңнен сәтті өткен 20 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. Олимпиада нәтижесі бойынша жоғары білім нәтижесін көрсеткен 5 оқушы тамыз айында Астана қаласында болып өтетін республикалық турға жолдама алады.