Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының 

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының  ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы   аясында «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы болып өтті. Аталған білім додасына аудан намысын қорғап «Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицейі» КММ-нен 9 оқушы қатысып, нәтижесінде 5 оқушы жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты. Атап айтсақ, Араш Аружан І орын, Мейірбекова Диана І орын, Рахимов Расул І орын, Кенжеғалиұлы Нұрасыл ІІ орын, Қонысұлы Досжан ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Бейсенбаев Ержан тарих пәні мұғалімі. Абай аудандық білім бөлімі атынан олимпиадаға қатысып, аудан намысын қорғап қайтқан оқушыларға алдағы уақытта тек жеңіс тілейміз.