ШҚӨҒП "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен облыстық "Жас математик, жас физик" олимпиадасы өтті

Мақсаты-оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді оқуға қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен тәжірибелік қабілеттерді тереңдету. Олимпиаданың аудандық кезеңінен сүрінбей өткен 6 оқушымыз облысқа барып өз білімдерін көрсетті. Нәтижесінде Қарауыл гимназиясының 6 сынып оқушысы Б.Оралханов және Абай мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Д.Қонысұлы 3 орын иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.