Білім бөлімінде аудан бойынша қорғаншылар мен қамқоршылар жиыны өткізіліп...

Білім бөлімінде аудан бойынша қорғаншылар мен қамқоршылар жиыны өткізіліп, барысында оларға құқықтары мен міндеттері және білім алу, тұрғын-үймен қамтамасыз ету, демалыс орындарына жолдама алу сынды мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін алу жолдары түсіндірілді. «Жерде жетім жыласа, әуеде періште тітіркенеді» деп халқымыз бекер айтпаған. «Неке (ерлі-зайыптылық) отбасы туралы Кодексінде» асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық және патронаттық тәрбиелеу сынды баланы отбасына қабылдау түрлері белгіленген. Егер де Сіз ауданымызда өз ата-аналық міндетін дұрыс атқармай жүрген адамдар туралы мәлімет бергіңіз келсе немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балаларды отбасыңызға қабылдау туралы сұрағыңыз туындаса, Абай ауданының білім бөлімі жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық органына байл.тел. 9-18-17, 9-22-59 номерлеріне хабарласыңыз немесе эл.поштаmetod_abai@mail.ru адресіне хат жолдасаңыз болады.