6 мамыр күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық сағат өтті

Шараға М.Әуезов атындағы орта мектебіндегі ұландар сыныбының оқушылары келіп сапта жүру,қаруды бұзып құрастыру бойынша алған машықтарын көрсетті. Жас сарбаздарды мерекемен құттықтау үшін келген Қарауыл аулының әкімі М.Сұмағұлов, Н.Зурманов өз сөздерінде еліміз бен жерімізді қорғау жолында еңбек ету әрбір адамның қасиетті борышы екенін атап өтті.