ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БАҚ өкілдері, блогерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша үздік жарияланым конкурсын жариялайды

2019 жылғы 1 мамырдан 1 тамызға дейін баспа және электрондық БАҚ - да жарияланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды жариялау бойынша жұмыстар, сондай-ақ телесюжеттер (тақырыптық телесюжеттер циклі), әлеуметтік медиа-ресурстарда Жарияланымдар қабылданады.

Конкурс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған.

Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы 1 мамырдан бастап 2019 жылғы 1 тамызға дейінгі кезеңде жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклі қабылданады.

Бұл ретте конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмеген.

Материалдар төмендегі номинациялар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады:

1) Үздік интернет-жарияланым;
2) Үздік телевизиялық жұмыс;
3) Үздік баспасөз жарияланымы;
4) Үздік вайн.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың материалдарын 2019 жылғы 10 тамызға дейін қабылдайды. Конкурстың қорытындысы материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін шығарылады.

Байқаудың қорытындысын шығару кезінде қазылар алқасы келесі талаптарды басшылыққа алады:

1) белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;

2) проблеманы талдау тереңдігі және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері;

3) мазмұндау стилі;

4) авторлық тұжырымдаманың дербестігі.

Конкурсқа қатысу үшін материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37, 7-қабат, 705 кабинет, тел. +7 (7172)909-199, сот: +7 778 288 20 77, электронды  пошта: p.kiriskhan@kyzmet.gov.kz, perizat_92@bk.ru

Жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы аясында үздік жарияланымдар байқауының ЕРЕЖЕСІ