9 мамыр Жеңіс күні мерекесін Абай ауданының халқы жоғары деңгейде атап өтті. Бұл күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына , жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсірді. Мерекелік іс-шараға білім саласының барлық мекеме қызметкерлері және оқушылар қатысты. Қарауыл гимназиясы мен Абай мектеп-лицейінің оқушыларының қатысуымен әскерге аттанатын болашақ сарбаздардың әскери киіммен және бастауыш сынып оқушыларының мерекелік киіммен шар, жалауша ұстап сап түзеуі болды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз-болашақ ұрпақты Отанын сүюге , елінің, жерінің адал патриоттары , достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.