13 мамыр күні аудандық білім бөлімінде жоспарға сай мемлекеттік қызмет көрсетудің 2 түрі бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа білім беру мекемелерінен жауапты тұлғалар қатысты. "Электрондық қызметтер орталығы" интернет-порталы функционалына өзгерістер енгізу жобасын іске асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" және қала сыртындағы лагерлерде демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру бойынша қызметті электронды көрсету туралы түсінік берді. Алдағы уақытта әр мектептен келген мамандар жоспар бойынша өз мектептерінде ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізеді.