Абай ауданының "Жеңіс алаңында" 9 мамыр -Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай "Елі -ерлерін ұмытпайды" атты мерекелік шара болып өтті. 
Шара барысында 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында шейіт болған отандастар руxына арнап Құнанбай қажы мешітінде құран бағышталды. 
Аға ұрпақ руxына арналған "Мәңгілік полк" шеруі, Абай атындағы мектеп лицейі, Қарауыл гимназиясының жас ұландары сап түзеді. 
Ата-бабаларымыздың руxына бас иіп 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздардың руxына үш дүркін оқ атылды.
Аудан әкімі, тыл және еңбек ардагерлері "Белгісіз солдат" ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағзым етті. 
Абай ауданы әкімі Ж.Байсабыров Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен құттықтап сөз сөйледі. 
Сондай- ақ, аудан орталығындағы "Жеңіс алаңы" жаңартылып, "Даңқ" тақтасындағы боздақтар есімі қайта жаңғыртылып, толықтырылды. Даңқты батырларымыз Зәкәрия Белібаев, Жанғазы Молдағалиев, Серікқазы Бекбосынов, Баян Байғожинаға бюст-ескерткіштер орнатылды.
"Қаламқас" xалық ән- би ансамблінің әншілері Қайрат Қабышев "Жас қазақ", Космонавт Төлеуxан "Ана туралы баллада", Еркін Жолжігітов "Ардагерлер", Жанат Хайсина "Катюша", әншілер квартеті "Әлия" әнін және Нұрбек Өмірбековтың орындауындағы "День Победы" әні әуелете шырқалды. Спорт мектебі шәкірттерінің жекпе- жек әдістерін, келешек жас жауынгерлердің оқу жаттығуларын тамашалады. 
Сонымен қатар, «Қаракөз» мейрамханасында тыл және еңбек ардагерлеріне мерекелік дастарxан жайылып, Қарауыл төбе басында ұлттық спорт ойындарына жалғасты.