Салық төлеушілердің назарына

2019 жылғы 11 сәуірден бастап Сыртқы (көрнекі) жарнамалық объектілерді орналастыру үшін алымдар бойынша өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасының 08.01.2019ж. №215-YI  Заңына енгізілген түзетулерге сәйкес 19.12.2003ж. «Жарнама туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) «Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 3-бабына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 9 және 10-тармақтарымен толықтырылған.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген бөлдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге кол жетімді жарнама - сыртқы (көрнекі) жарнама болып 9-баппен белгіленген. 10-тармаққа сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарту және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылыс жайлар,  әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде электорнды таблолар, жарықты   конструкциялар және өзге де құралдар болып табылады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған Заңда Қазақстан Республикасының Салық кодексіне толықтырулар енгізілді. Осылайша, тарифтер кестесінде (605-бап) сыртқы жарнама түрлерінің тізімі жаңа түрлермен толықтырылған:

«бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама», «Жүгіртпе жол арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама». Салық кодексінің 605-бабы келесі ескертпемен толықтырылады: сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағы деп сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың әрбір көрініс, оның ішінде бейнекөрініс жағы түсініледі.

Сондай-ақ, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Салық кодексінің 606-бабына енгізілген түзетулерге сәйкес, салық төлеушілер жергiлiктi атқарушы органдарды сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру күнiнен кем дегенде бес күн бұрын хабарландыруды қоятыны туралы хабардар етуге мiндеттi.

«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ақы төлеушілер, ақының соммасы, сыртқы (көрнекі) жарнаманың мерзімдері мен орналасқан жері, хабарлама жіберу (жібермеу) туралы ақпаратты, мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының салық кодексімен белгіленген тәртіпке сәйкес ұсыну қажет.

Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы