«Айбын» әскери спорттық ойыны өтті

Абай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Абай ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «2019 – Жастар жылы» аясында аудандық «Айбын» әскери спорттық ойыны өтті. Ойынға Абай ауданының білім ордаларынан 6 команда қатысты. 1 орынды Абай атындағы ЖОББ мектеп – лицейінің командасы, 2 орынды  С.Бекбосынов атындағы орта мектеп  командасы және 3 орынды  ЖББ Қарауыл гимназиясының командасы алды. «Үздік сарбаз» номинациясын  Шәкерім атындағы орта мектеп оқушысы Мұратбекова Гүлім мен М.Әуезов атындағы орта мектеп оқушысы Шалабаев Мақсат алды, ал «Үздік мерген» номинациясы бойынша ЖББ Қарауыл гимназиясының мектеп оқушысы Берікқызы Айымгүл мен С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің оқушысы  Берікжанов Бақытжан алды, «Автоматты бұзып, құрау» номинациясы бойынша  Абай атындағы ЖОББ мектеп – лицейінің мектеп  оқушысы Амангелдин Шерхан мен Көкбай атындағы орта мектеп оқушысы Абзалқызы Ботакөз алды.