Хабарлама

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2019 жылы «07» маусымда сағат 10-00-де Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, №14, мекен-жайы бойынша сауда-саттықтың ағылшындық тәсілімен жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді.

Аукционға шығарылады:

Жекеменшік құқығына жер телімдері:

1)    Мекен-жайы: Медеу ауылы, мал бордақылау алаңын салу және қызмет көрсету үшін арналған алаңы 1,5 га жер телімі, бастапқы бағасы 1 515 000 теңге, кепілдік жарна соммасы 75 750 теңге, жер салығының мөлшері 7200 теңге;

2)    Мекен-жайы: Қарауыл ауылы, С.Бекбосынов көшесінен дүкен салу және  қызмет көрсету үшін арналған алаңы 0,0400 га жер телімі, бастапқы бағасы 67 200 теңге, кепілдік жарна соммасы 3360 теңге, жер салығының мөлшері 288 теңге;

3)    Мекен-жайы: Саржал ауылы, Ж.Жакина көшесінен ғимарат салу және қызмет көрсету үшін арналған алаңы 0,0400 га жер телімі, бастапқы бағасы 40 400 теңге, кепілдік жарна соммасы 2020 теңге, жер салығының мөлшері 288 теңге;

4)    Мекен-жайы: Қарауыл ауылы, Абай көшесінен жанар-жағар май құю станциясын салу және  қызмет көрсету үшін арналған алаңы 0,1600 га жер телімі бастапқы бағасы 268 800 теңге; кепілдік жарна соммасы 13 440 теңге, жер салығының мөлшері 768 теңге;

5)    Мекен-жайы: Қарауыл ауылы, Абай көшесінен ғимарат салу және  қызмет көрсету үшін арналған алаңы 0,0200 га жер телімі бастапқы бағасы 50 400 теңге; кепілдік жарна соммасы 2525 теңге, жер салығының мөлшері  144 теңге;

6)    Мекен-жайы: Қарауыл ауылы, Абай көшесінен газ үлестіру пунктін салу және  қызмет көрсету үшін арналған алаңы 0,1000 га жер телімі бастапқы бағасы 252 000 теңге; кепілдік жарна соммасы 12 600 теңге, жер салығының мөлшері 720 теңге;

 

Сауда-саттыққа қатысу үшін төленетін кепілдік жарна сомасы барлық объект бойынша объектінің бастапқы бағасының 5 % құрайды. Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық нысаны бойынша бөлек енгізіледі.

Сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі бойынша аукцион өткізудің шарттары. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының оның атауын, қысқаша сипаттамасын, бастапқы баға мен бағалардың ұлғаю қадамын хабарлауынан басталады. Сауда-саттыққа қатысушылар аукционға қатысуға табысталған аукциондық нөмірді көтеруі арқылы бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Объект бойынша сауда-саттық ең жоғарғы баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі.

Жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату шарттары. Жер телімдерін нысаналы мақсатына сәйкес және берілген шекаралар шегінде пайдалану; жер телімін жалдау құқығын сатып алған жағдайда жер қатынастары бөлімімен жалдау шартын жасасу; қажет болған жағдайда сервитутқа рұқсат беру; жер салығын, жалдау төлемін уақытында төлеу; нысанды жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу; түрлі-түсті нұсқада эскиздік үлгілер жобасын жасату (фасадтың фотомонтаждалған және жалпы келбеттің түрлі жағдайы, жанасқан аумақтың көркейтілген бас жоспары, қысқаша түсіндірме жазба); Эскиз жобасын аудандық сәулет және құрылыс бөлімімен келісу (қажетті жағдайда құрылыс кеңесінде қарау); фасадты өңдеу және аумақты көркейту  жұмыстарын бекітілген жоба бойынша орындау; жобалық-сметалық құжаттарды тек лизенциясы бар ұйымдармен ары қарай авторлық қадағалау жүргізу арқылы әзірлеу (құрылыс аяқталғанға дейін тұрақты түрде); жобалық-сметалық құжаттарды сараптамадан өткізу; жер телімінің нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасын белгiлеу; қауіпсіздік мақсатында басқа тұлғалардың құқығын шектемей және ортақ пайдалануға зиянын келтірмей құрылыс алаңын қоршау; аумақтың санитарлық жағдайын мен техника қауіпсіздігін сақтау (құрылыс жүргізу кезінде жұмыс істеу кестесі,  меншік иесі және құрылыс ұйымы туралы мәліметтер, байланыс телефондары және т. б. көрсетілген объектінің төлқұжатын орнату); аудандық кадастр базасына енгізу үшін құрылыс аяқталғаннан кейін жанасқан аумақпен қоса объектінің көлденең түсірілімін орындау және объектіні пайдалануға қабылдау үшін тапсыру; құрылысқа арналған жер телімі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл iшiнде (егер жобалық-сметалық құжаттарда неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) тиiстi мақсатында пайдаланылмаса, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жатады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін келесі құжаттардың тізімін ұсыну қажет:

1) мәліметтер түрінде жер теліміне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат.

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түп нұсқалары ұсынылады.

Электрондық өтініш берілген жағдайда, жоғарыда тізбеленген құжаттар құжаттың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Өтінімі тіркелген тұлға аукцион өткізілетін күні аукциондық нөмірге алмастырылатын қатысушы билетін алады. Сауда-саттық процесінде аукциондық нөмірді басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.

Төлем шарттары. Аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданатын жер телімін немесе жер телімін жалдау құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданғаннан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты жасалады. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде аукцион барысында белгiленген бағаның 50% мөлшерiнде енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиiстi аванстық төлем есебiне алынады;

2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзiлуге тиiс.

Кепілдік жарналар қатысушының деректемелері көрсетіліп, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде:

1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартқан жағдайды;

2) - аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан;

- аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасудан;

- сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайларынан басқа кезде қайтарылады.

 

Кепілдік жарна «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына ИИК KZ 530705034631506001, Абай ауданының қазынашылық басқармасы, БИК KKMFKZ2A, БИН 060140003800 (қаржыландыру көзі 5, бюджет түрі 03), КБЕ 17, КНП 171 төленеді.

Аукционға қатысуға арналған өтінімді қабылдау және аукционға қатысушыларды тiркеу 06 маусым 2019 жылдын сағат 10:00-ге дейін Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14, №44 бөлмесінде жүргізіледі. Анықтама үшін телефондар: 9-12-18