25 мамыр оқу жылын аяқталуына байланысты ауданның барлық мектептерінде "Соңғы қоңырау" салтанаты жиындары өтті

Осы жиындарда ұстаздар мен оқушыларға арналған аудан әкімінің арнайы құттықтауы жеткізіліп,жыл бойы білім,өнер,спорт саласы бойынша жетістіктер айтылып,үздіктер марапатталды.Мектеп түлектеріне ақ тілектер айтылып, болашақта еліне еңбегін сіңіретін азамат болуларына сенім білдірілді.Сонымен бірге мектепті бітіріп кеткен бұрынғы түлектердің өздерінің мектептеріне,туған ауылдарына демеуші ретінде көрсеткен игі істері айтылып,алғыс білдірілді.