«Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында 29.05.2019 жылы аудан әкімдігінде семинар-тренинг өткізілді.

«Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында 29.05.2019 жылы аудан әкімдігінде семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы  Әбішев Тастемір Дәуітұлы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің азаматтық, еңбек және экология пәндері кафедрасының профессоры Жаркенова Светлана Бақытқызы,   Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, «MEDIALIFE» қоғамдық қорының президенті Волкова Ольга Александровна, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің қызметкері Байбеков  Мақсат Талғатұлы, ШҚО Ішкі саясат басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Балтабеков Еркебұлан Сайлаубекұлы қатысты.

Семинар барысында азаматтық қызметкерлерге, мемлекеттік қызметшілерге адам құқықтары, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері түсіндірілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Тәттібеков