«Балаларым бақытым!»

29 мамыр 2019 жылы   Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік  қызметтер көрсету бөлімшесі»және «Құнанбай қажы»мешітінің ұйымдастыруымен «Балаларым бақытым» атты қызмет алушыларға ертеңгілік өтті. Балалар өз өнерін ортаға салып, би билеп,өлең айтып, жұмбақтар шешіп, логикалық ойындар ойнады. «Құнанбай қажы»мешіті балаларға арнап дастархан жайды.Ертеңгілік соңында «Құнанбай қажы» мешітінің бас имамы Болат Нұрболатұлы құттықтады. Естелікке суретке түсті.