Ақпараттық хабар

Семей қаласының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағанда рұқсат етіледі. 

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес болуы тиіс.   

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес жұмыс күн ішінде 2019 жылдың 24 маусымынан 2019 жылдың 15 шілдесіне дейін ШҚО, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8 «ШҚО Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ,
244 кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады телефон 8(7222) 52-23-33, 52-28-39. 

Конкурстық өтінімдермен конверттер 2019 жылдың 16 шілдесінде сағат 10.00-де,
Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8, мекенжайында (қалалық әкімдіктің ғимаратында) ашылатын болады.

Конкурс:

Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;

Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.

Жер учаскесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар

1) жер учаскесі белгіленген мақсатқа сәйкес пайдаланылсын;

2) жерді қорғау, оларды орынды және тиімді пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасында қарастырылған іс–шаралар жүзеге асырылсын;

3) ауыспалы егіс жүйесін міндетті жүргізу және сақтау қамтамасыз етілсін;

4) жер учаскесін пайдалануға арналған төлем уақытында төленсін;

5) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес, өндіріс технологиялары қолданылсын;

6) 20.06.2003 жылғы № 442-II Қазақстан Республикасы Жер  кодексінің 65-бабында қарастырылған жер пайдаланушының басқа міндеттері орындалсын.

 

Жер учаскелерінің тізбесі