Электронды коммерцияны жүзеге асыратын салық төлеушілердің салық жеңілдіктерін алу мүмкіндіктері

Салық салу мақсаттары үшін Салық кодексінің 1-бабының  65) тармақшасында тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы айқындалған.

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет болып табылады.

Салық кодексінің 1 баптың 29) және 30) тармақтарымен интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары берілген.

Сонымен бірге Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың                              10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 89 және 90-баптарында белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру, сондай-ақ оларды тіркеу туралы жазбалардан шығару тәртібі белгіленген.

         Салық кодексінің 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң                     302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

Салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру мақсатында салық кодексімен келесіні назарда ұстайды.

         Салық кодексінің 28 баптың 2 тармақ бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты  тұрған жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.

         Сонымен бірге Салық кодексінің 24 баптың 17) тармағы бойынша Салық кодекстің    88-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген қызмет бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті.

Салық кодексінің 28 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, тауарлармен электронды сауданың тасымалдауға, тауарлар жеткізілетін тұлғалардан және СТ-мен көшіріп алған ЭШФ-ның ақпараттарына сәйкес, 293-бабының 1 тармағының 65) тармақшасыны, 3-тармағын сақталуына байланысты автоматтандырылған қамералдық бақылау өндіріледі.

Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы