Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ...

Аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров ай сайын бөлім басшыларымен бірге ауылдық округтерді аралап, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, сонымен бірге халықтың жағдайын біліп отырады. Кейбір өзекті мәселелер ауылдарды, әлеуметтік нысандарды аралау барысында шешімін тауып жатады. Аудан басшысы білім саласына ерекше көңіл бөліп, мектептердің материалдық-техникалық базасының дұрыс болуы, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылардың тамақтануының сапалы болуы мәселелеріне көңіл аударып, білім беру мекемелерінің басшыларына бірталай міндеттер жүктеді: IT сыныптардың заман талабына сай жұмыс жасалуы, шағын жинақталған мектептердегі IT сыныптардың жабдықталуының жоспарға сай мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету, білім сапасын арттыруда мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау-басшылықты күшейту, ҰБТ-ні өткізу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру, мектеп оранжереялары мен жылыжайларының қалыпты жұмыстарын қамтамасыз ету, мектептің ауласын көгалдандыру. Аудан әкімі мектептердегі жаңалықтар мен жақсы дәстүрлердің басқа мектеп ұжымдарына тарату жұмыстарын, атап айтқанда, демеушілер арқылы оқу кабинеттерін жабдықтау, атаулы кабинеттер ашу жұмыстары бойынша тапсырмалар берді. Оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасап, мектеп ғимараты мен ауласын қазіргі заман талабына сай жабдықталуын қамтамасыз ету мақсатында демеушілермен етене жұмыс жасап, атаулы оқу кабинеттерінің ашылуы бағытында жүйелі жұмыс жасап жатқан мектеп басшылары да бар.