Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы.  Халқымыз ежелден өз ұрпағына қамқорлық жасап, оны өзінің үміті, асылы, қымбаттысы, әулетінің болашағы санаған. «Балалы үй - базар», «Бала – адамның бауыр еті» деген сөздер халқымыздың өз өмірінің жалғасына деген шексіз махаббатын білдіреді.

Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Мемлекетіміздің саясаты да алдымен балалардың дұрыс өсіп жетілуіне, тәрбиеленуіне үлкен көңіл бөлуде. Бүгінгі жас ұрпақ – ертең ел  тәуелсіздігін баянды етіп, бабалар аманатын алғы күндерге апаратыны анық.

Бүгінде облыстық, республикалық білім, өнер додаларында алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан Абай елінің жас өрендеріне тәлім-тәрбие беріп, білімге, өнерге баулудағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Қашанда ашық аспан аясында оқуда үздік, өнерде алда жүрген балаларымыздың жүзінен күлкі, қуаныш, шаттық кетпесін!

Әрбір отбасында балалар саны артып, еліміздің тұғырын биік ұстайтын бүлдіршіндеріміз өсе берсін!

Аудан әкімі Ж. Байсабыров