1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында аудандық білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық органы есебінде тұратын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 15 балаға аудандық мәслихат хатшысы Ерлан Арнаұлы Лдибаев отбасы атынан, өз қаражаты есебінен (спорттық киімдер, аяқ киім т.с.с.) сыйлық жасады. Рамазан айында жасалған осындай игі істер көпке үлгі. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үнемі мемлекет қамқорлығында. Атап айтқанда, жалпыға бірдей міндетті білім қорынан тегін тамақтандыру, мектеп формаларымен қамтамасыз ету, жазғы сауықтыру-демалыс лагеріне жіберу қарастырылған.