1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау дегеніміз-әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау. Бүгін ауданымыздың балақайларына жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында "Біз бақытты баламыз" атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл шараға 6 мектептен 300-ге тарта оқушы қатысты. Аудан әкімі Ж.Байсабыров балаларды мерекелерімен құттықтап, жыл бойы көпбалалы ,аз қамтылған отбасы балаларына қамқор көрсетіп, мейірім сыйлаған азаматтарға алғыс хат табыстады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Соңында балаларға аудан әкімінің атынан тәтті балмұздақ таратылды.