Бала қауіпсіздігі отбасынан басталады!

Баланы өз-өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауға үйрету, қауіп-қатерлердің алдын алу және тани білу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі ережелерді сақтау - отбасы мен мектептің ең маңызды мақсаты. Ал азаматтық қорғау органдар қызметкерлерінің мақсаты балаларға дұрыс тәрбие беру ісіне насихат жүргізу.

Қазіргі таңда балалар қауіпсіздігі мәселесі ең маңыздылардың бірі, себебі қауіп-қатер оларды барлық жерде күту мүмкін: аула ішіндегі жолда, үй кіре берісінде, шомылатын жерлерде, сондай-ақ бала жүретін әрбір жерде. Бала өміріне және денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейтін қауіпсіз аймақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ келе жатқан суға түсу маусымын назарға ала қарағанда, бұл мәселеге ерекеше мән беру - ересектердің негізгі міндеті. Қазіргі таңда тек қана уйде емес, мектеп, бала - бақша   терезе, қылтималарының ашық немесе оңай ашыуларынан кішкентай балаларыдын құлап мертігу  оқиғалары өкінішке орай артып келе жатыр. Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде кейбір адамдар бәрін білемін деп ойлайды, ал басқасы керісінше - сұрақтар қойып, тіпті қызметкерлердің сөзін жазып отырады. Бірақ ата-аналар қандай әрекет жасаса да, олардың бәрі азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан айтылған мәселелерге бей-жай қарамайтыны түсінікті болды, себебі балалар қауіпсіздігі жалпыға ортақ іс!

Абай ауданы ТЖБ