Қымбатты жерлестер!

Баршаларыңызды бүкіл мұсылман қауымының ұлық мерекесі - Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Отыз күні ораза ұстап, ауыз бекіткен адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін тазартып, көңілін қуанышқа бөлейтін, реніштен тазалайтын бұл мереке отбастарыңызға құт-береке әкелсін.

Ораза айт күндері ауданымыздың әрбір шаңырағында шаңырағында шелпек, бауырсақ пісіріліп, әр үйде әдеттегіден сәні де, салтанаты да ерекше мерекелік дастархан жайылып, қонақтар шақырылатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жағдайы төмен адамдарға жәрдем көрсетіліп, олар да мейрамнан тыс қалдырылмайды.

Сіздерге ырыс-ынтымақ, береке-бірлік, шаттық пен қуаныш, әр шаңыраққа бақыт тілеймін!

Ел іргесі аман, Тәуелсіздігі баянды болсын!