Бозанбаев Арнұр Болатұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы шағын футболдан аудандық турнир өткізілді

«Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыруымен Бозанбаев Арнұр Болатұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы шағын футболдан аудандық турнир өткізілді.

Турнирге жиыны 12 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынның 50 000 сертификатын – 1987 жылы туылған командасы, 2 орынның 30 000 сертификатын – 1993 жылы туылған командасы, 3 орынның 20 000 сертификатын – 1999 жылы туылған жастар командасы иеленді.

Сонымен қатар ойын барысында ерекше өнерімен көзге түскен  футболшылар арнайы марапаттауларға ие болды. «Үздік қақпашы» атағына Асқаров Бауыржан (1993 ж.т. командасы), «Үздік шабуылшы» атағына Сайн Қуаныш (1999 ж.т. командасы) ие болды, «Үздік ойыншы» атағына Кенжеғалиев Жандос (1987 ж.т. командасы), «Үздік қорғаушы» атағы Советханов Есбол (Кеңгірбай би ауылының командасы) атанды.      

Жүлделі орындарды жеңіп алған командалар Бозанбаев Арнұр Болатұлының достарының демеушілігімен мадақтамалар, медаль мен кубоктар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.