«Сауатты тұтынушы болыңыз!»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91,  e-mail: oskemen@economy.gov.kz) интернет арқылы сатып алуға қатысты ақпаратттық-түсіндірме мақаланы жолдайды.

Жаңа уақыт-жаңа мүмкіндіктер. Телекоммуникациялық технологиялардың жедел дамуы дүкендердің көбісі сауданың электрондық нұсқасына көшуіне әкеп соқты және бүгінгі күні тауарларды интернет арқылы сатып алу мүмкіндігі бар. Онлайн-сауда интернеттің бір бөлшегіне айналды.

Желідегі тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берудің артықшылығы қандай? Интернет-технолгиялар сатып алушылар үшін, саушылар үшін де қолайлы: уақыт айтарлықтай үнемделеді, сатып алынған затқа электрондық ақшамен ақы төлеу, үйге жеткізіп беру мүмкіндігі, түрлі тауарлар, кең ассортимент, салыстырмалы арзан бағалар. Оң сапаларымен қатар кемшіліктер де бар. Негізгі минус: интернет дүкенге келуші сайтты пайдаланушы деңгейінде тауарды виртуалды сатып алады. Нақты тауарды көре алмайды, сондай-ақ ол сатылымда бар ма, оның техникалық жай-күйі қандай, мәлімделген сипаттамалар мен фотосурет шындыққа сәйкес келетінін біле алмайды. Сондықтан онлайн-шопингтің   өз қауптері бар.

Интернет пайда болғаннан бастап интернет-алаяқтар сауданың жаңа нысандарын  бағалар және әлеуетті клиенттерді алдау мақсатында белсене қолдануды бастады.  Жалған сатушылар әлеуметтік желіде ойдан алынған сату сайтын ашып, жоқ тауардың фотосуретін қойып, өзіне-өзі «лайк» қойып, жазылушыларды тіркейді. Интернет-саудамен байланысты айлакерлік құрбаны болмас үшін жылдам саудада мұқият болған жөн.

Интернеттің сауда алаңдарында тауарлар сипаттамасында сәйкес келмесе немесе дәлдік болмаса, тапсырыс берілетін заттың сипаттамасын зерделеп, басқа онлайн-ресурстардағы ұқсас тауарлармен салыстырыңыз, сыртқы түрін, кепілідігін нақтылаңыз. Егер сайт тауардың басқа фото суретін (түрін нақтылау үшін) жіберу немесе кепілді қайтару, сапасыз тауарды қайтару және жөндеу туралы өтінішіңізге жауап қайтармаса, онда сатып алмаңыз. Адал сатушылар барлық шарттарды алдын ала көрсетеді және мәміле туралы келісімді орналастырады.

Интернет дүкендердің қызметтерін белсенді пайдаланушылар тауардың қорабын ашу сәтін бейнекамераға түсіріп алуға кеңес береді: қораптың ішінде каталогтағы зат болмауы немесе тауар тасымалдау кезінде зақымдалған болуы мүмкін. Сапасыз тауар сатып алу қуанышын жойып жібереді. Интернеттен киімге немесе аяқ киімге тапсырыс беру кезінде өлшем сәйкес келмеуі мүмкін. Керексіз тауарды қайтару қажет, бірақ жеткізуге төленген ақша босқа кетеді. Кеуде өлшемі, аяқтың ұзындығы, бел және басқа да деректермен өлшемдерді көрсететін сайттардың қызметін пайдаланыңыз. Сатып алушының бейнетүсірілімі болған кезде тауарды ауыстырды деп ешкім айтпайды, оны басқасына ауыстыруға немесе ақшаны қайтаруға болады.

Сонымен бір тараптан бұл технологияның бірқатар артықшылықтары, екінші жағынан жиі ретте заңды бұзушылықпен шектесетін сәйкессіздіктері бар. Алаяқтың құрбаны болмас үшін интернет-дүкендердің сайтын егжей-текжейлі тексеріп, өз әрекеттеріңізді бағалаңыз. Мұқият болыңыз; сауда нүктесінің түп нұсқалағын «көзбен» байқау қиын емес. Басты кеңес шектен тыс сенгіш болмаңыз және құрғақ уәдеден бас тартыңыз, күмән туған жағдайда затқа тапсырыс бермеңіз.

Интернеттен зат сатып алуға қатысты практикалық ұсынымдар интернет –сатып алу кезінде ұнамсыз жағдайлардан сақтайды және сапалы тауар сатып алуға мүмкіндік береді деп сенеміз!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, апта сайын (бейсенбі), Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20 мекенжайы бойынша, сағат 9.00-18.00 ге дейін, «Ашық күндер есігін» өткізеді. Барлық тілеушілерге құқықтық кеңестер және ақпараттық материалдар беріледі.