Алтыншы шақырылған Абай аудандық мәслихатының  кезекті отыз жетінші сессиясы өтті

Алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті отыз жетінші     сессиясы болып өтті. Сессияға № 6 Құндызды округінен сайланған депутат Нугымаров Карыкбол төрағалық етті.

Сессияға аудан әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы қатысты.

Күн   тәртібіндегі   мәселелер   бойынша:  ««Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Көкбай ауылында іске асыру барысы туралы» Көкбай ауылдық округінің әкімі Жылқайдар Шәріпқазы Санбайұлы, «Абай   ауданы   полиция   бөлімінің есебі туралы»  аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Хозаев Нұрлан Советқалиұлы  есеп берді. 

Жасалған баяндамалар бойынша шешімдер қабылданды.

Жарыссөзде  № 8 Қасқабұлақ  округінен сайланған депутат Мұқатаев Асқар Амантайұлы, Тоқтамыс ауылдық округінің әкімі Садырбай Ақылтай  Қалиоллаұлы, Заң бөлімінің басшысы Хусайнов Дулат Маратұлы сөйледі.

«Абай   аудандық   мәслихатының   2018   жылғы    25   желтоқсандағы

№ 30/4-VІ «2019-2021 жылдарға  арналған  Абай  ауданының  бюджеті  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы  Қари  Қанатбек Амангелдіұлы, «Абай     аудандық     мәслихатының    2019  жылғы   15   қаңтардағы № 31/6-VІ «Аумақтық  және  учаскелік комиссияларды сайлау туралы  шешіміне  өзгерістер енгізу туралы», «Абай   ауданы   әкімдігі   жанындағы   тұрғын   үй  комиссиясының

құрамын бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының хатшысы Лдибаев Ерлан Арнаұлы, «Абай ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы»

ауданның персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Сағындықова Нүргүл Мақсұтқызы хабарлама жасады. Депутаттар шешімдерді қолдап мақұлдады.

Абай аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясының күн тәртібі мен төрағасы белгіленді.

Сессияның алдында тұрақты комиссиялардың мәжілісі өткізіліп, онда ««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің Құндызды ауылдық округінде жүзеге асырылуы туралы» Құндызды ауылдық округінің әкімі Ысқақов Думан Мәнапұлы,  «Аудандық әділет басқармасының өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда тиісті заңдылықтардың қолданылуы туралы» аудандық әділет басқармасының басшысы Махметов Ақсұңқар Советұлы есеп беріп, тиісті қаулылар қабылданды.

Сессия соңында Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының 25 жыл толуына байланысты мерекелік іс шара өтті. Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы мерекемен құтықтап сөз сөйледі. Абай аудандық мәслихатының хатшысы Лдибаев Ерлан Арнаұлы баяндама жасады. Абай аудандық мәслихатының депутатары «Абай аудандық мәслихатына 25 жыл» медалымен награтталды. Ауыл әкімдері мен мекеме басшыларына алғас хатттар табысталды.