"Көкбай атындағы орта мектебі"КММ жанындағы интернат базасында "Атамекен" жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады

Лагерьге аудан бойынша барлық мектептерден 125 оқушы қамтылады. 1 ауысымға 25 оқушы қабылданып, 14 маусым күні демалыс лагерінің салтанатты түрде ашылуы болды.

Бұл шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Скакова , лагерь директоры Ж.Жаукенов, ауыл әкімі Ш.Жылқыайдар лагерьдің ашылуымен оқушыларды құттықтап, жақсы көңіл-күймен демалыстарына сәттілік тіледі. Балалардың дайындаған концерттік номерін барлық қонақтар,ауыл тұрғындары тамашалады.

Жалпы лагерь 5 ауысымнан, әр ауысым 10 күннен жұмыс жасайды. 3 мезгіл ыстық тамақ, 2 мезгіл жеңіл ас және күнделік жоспар бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылуда