Абай ауданының 11 мектебінен 66 оқушы Бесқарағай ауданындағы "Елім-ай" жазғы сауықтыру демалыс лагеріне демалуға кетті

Оқушылардың 80%-ы көпбалалы, аз қамтылған отбасы балалары. Бұл оқушыларға аудандық бюджеттен, кәсіподақтан және жалпыға міндетті білім қорынан қаражат бөлініп, тегін жолдама берілді. Оқушыларға сәттілік,жақсы демалыс тілейміз.