2019 жылдың 1 маусым мен 30 тамыз аралығынд...

2019 жылдың 1 маусым мен 30 тамыз аралығында облыстың барлық мектептерінде бірінші сыныпқа қабылдау және тіркеу үдерісі автоматтындырылған жүйе арқылы жүзеге асырыла.ды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Вице-Министрімен келісілген ШҚО Білім саласын цифрландыру бойынша жол картасының 3-тармағын орындау мақсатындағы бұйрығы:

2019 жылдың 1 маусым мен 30 тамыз аралығында облыстың барлық мектептерінде бірінші сыныпқа қабылдау және тіркеу үдерісі автоматтындырылған жүйе арқылы жүзеге асырылатынын хабарлайды. ШҚО білім басқармасы www.vko.ddo.kz портал жүйесі арқылы 1-ші сыныпқа баланы қабылдау туралы өтініш ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінің ЭСҚ (ЭЦП) арқылы қабылданатының хабарлайды

1-ші сыныпқа қабылдау үшін керек құжаттар тізімі:

1. Ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінің ЭСҚ (ЭЦП)

2.Баланың ТУУ туралы куәлігінің көшірмесі

3.Денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3нысаны)

4.Көлемі 3х4 см фотосурет -2 дана

5.Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш

Білім беру ұйымына қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-Ереже) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Аталған Ереженің 9-тармағына сәйкес шағын орталық, мектепалды даярлық және 2-11 сыныпқа қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет.

1.Баланың ата-анасынан немесе өзгеде заңды өкілдерінен өтініш

2.Баланың ТУУ туралы куәлігінін көшірмесі

3.Денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3нысаны)

4.Көлемі 3х4 см фотосурет -2 дана

Мектеп әкімшілігінің басқа да құжаттарды ата-анадан талап етуге құқығы жоқ.