Аудан әкімдігінің отырысы болып өтті

27 маусым 2019 жылы аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің отырысы болып өтті. Отырысты Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы ашып жүргізді.

Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, мектеп директорлары қатысты.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

Хабарламалар:

1. Бейресми жұмыспен қамтылғандардың, тұрғындардың мәртебесін анықтау, қызметтерінің заңдастырылуы, оңтүстік өңірдің тұрғындарын шығысқа көшіру, бірыңғай жиынтық төлем аудару, жастар іс-тәжірибесі, бос жұмыс орындарына орналастыру және шағын несиелердің қайтарылуы туралы

2. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалысы туралы

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы

Ақпараттар:

1. Белсенді шараларына қатысудан бас тартқан адамдармен жүргізілген жұмыстар, Абай колледжінің түлектерін, тиісті біліктілігі бар аудан тұрғындарын «БАСТ», «Қаражыра» және тағы да басқа кәсіпорындарға орналастыру мәселесі туралы

2. Аудан бойынша мал ұрлығының, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы

3. Ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесі туралы

 Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.