Абай ауданының «Жастар»...

Абай ауданының «Жастар» ресурстық орталығы мен «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен  «Дене шынықтыру және спорт» бөлімінің қолдауымен  26 маусым «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» күніне орай  кіші футболдан аудандық жарыс өтті.  

Жарысқа түскен «Достар» командасы І-орынды қанжығаларына  байласа, ІІ- орынды «Көкбай» командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІІ-орынды «87 жылы туылғандар» жастары иеленді.  Футбол ойынының  әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген үздік ойыншылар да марапаттан құр қалмады. «Үздік ойыншы» аталымына Жұманов Ернұр ие болса, «Үздік қорғаушы» аталымына Толымханов Аслан алса, «Үздік қақпашы» атағына Мамажаев Сырым және «Үздік төреші» номинация бойынша Мейрамбеков Дарын  лайықты деп танылды.