ШҚО ТЖД Абай аданының ТЖБ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп профилақтикалық жұмыстар жүргізуде.

Облыстың көптеген су айдындарында жыл сайын адамдардың қаза табуымен төтенше жағдайлар орын алуда. Қаза болғандардың басым бөлігі жаз айларының ыстық және демалыс күндерінде орын алады.
Суда адамдардың қаза болуының негізгі себептері: халықтың жабдықталмаған жерлерде шомылуы, алкогольдік ішімдік ішіп шомылу, суда жүзе алмау және балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша халыққа ескерту жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі жергілікті атқарушы органдардармен бірлесіп Абай ауданының ауылдық округтеріне баннерлер орнату жұмыстарын жүргізуде.
Казіргі уақытта № 49 ӨСБ мекемесінің және Көкбай ауылының ауылға кіреберісіне «Жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік және өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыбында банерлер орнатылды. Сонымен қатар
Оспан көл көлінің және Қарауыл өзенінің суға түсуге қауіпті аймақтарына суға түсуге тиым салу белгілері орнатылды.
2019 жылғы суға түсу кезеңіндегі қауіпсіздік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша Абай ауданыынң мобильды тобымен 8 рейд жүргізіліп 138 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады.

ШҚО ТЖД Абай аданының ТЖ бөлімі