Абай алаңында 7 шілде – қасиетті Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті

2018 жылдың 13 маусым күні қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы жарлыққа қол қойған болатын. Ұлт­тық домбыра күні жыл сайы­н шілде айының алғашқы жек­сенбісінде аталып өтіледі.  Қазақ халқы үшін күй өнері - өз халқының тарихы, оның салт-дәстүрлері мен мәдениеті.