ХҚО – ҒА КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН БРОНДАУДЫҢҚАНДАЙ ЖОЛДАРЫ БАР?

ХҚО-ға кезекті egov.kz электронды порталы және телеграмдағы @egovkzbot арқылы брондауға болады.

Брондау үшін не істеу керек?

· egov.kz  электронды порталына кіріп, оң жақ бұрышта орналасқан «ХҚО-ға» кезекті брондау» тетігін басыңыз;өзіңізге ыңғайлы жақын орналасқан ХҚО бөлімін таңдаңыз; ЖСН нөмірін енгізіңіз; «Келуді жоспарлау» тетігін басып, тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсетіңіз;Кезекті онлайн брондаудың өткені жөніндегі хабарлама келеді.

· Ал, телеграм-бот қызметін пайдалану үшін міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу керек; ұялы телефоныңыздағы телеграм қосымшасынан @egovkzbot –ты тауып, ондағы «старт» тетігін басасыз; мәзір арқылы телефон нөмірін жіберіп, қызметтер тізімінен «ХҚО –на электронды кезекті брондау» тетігін таңдау керек;

Таңдаған ХҚО – ға келгенде жеке куәлікті ұсыну жеткілікті!