Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үйлердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады. Көбінесе оттың құрбаны болып өртке себепші өздері, олардың көршілері, балалары болып жатады.
Статистика бойынша тұрғын үйлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр.
Егер Сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына және электр аспаптарына зақым келсе тез арада электр маманын шақырыңыз.

ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ :
Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:
- Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
- Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
- Электр есептегіштердегі электр сақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;
- Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
- Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
- Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
- Бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электр-жылытқыш құралдарын қолданбаныз;
- Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телафон арқылы 101-ге хабарласыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – Сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды!

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі