Абай ауданы, Көкбай атындағы орта мектебінде Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері Серікқали Байғұрманұлының атына берілген Қазақстан тарихы кабинетінің ашылу салтанаты болып өтті.

Абай ауданы, Көкбай атындағы орта мектебінде Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері Серікқали Байғұрманұлының атына берілген Қазақстан тарихы кабинетінің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатына Абай ауданының құрметті азаматы, зейнеткер, Көкбайтанушы Сайлау Кошкин бастаған ауыл ақсақалдары мен "Nur Otan" партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Дүрмекбай аудандық мәслихат хатшысы Е.Лдибаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Скакова және мектеп директорлары қатысты. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған тарих кабинетінің жөндеу жұмыстарынан бастап; безендіру,мебельмен, электронды оқулықпен қамтамасыз етуді де ұйымшыл отбасы мүшелері көтеріп алған. Кабинетті жабдықтауға 2 миллионға жуық қаражат жұмсалған. Сонымен бірге Серікқали Байғұрманұлы жетекшілік еткен мектептің 1989 жылғы түлектері ұстаздарына арнап ескерткіш тақта орнатты.