Қоғамдық көліктегі қызмет

Азаматтарға арналған үкіметтің ШҚО бойынша филиалының қызметкерлері Семей қаласындағы ең танымал №4 автобус бағдарында жолаушыларға қызмет көрсетті.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері автобусқа мінгендердің барлығына қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелуді ұсынды. Оның көмегімен 50-ден астам танымал мемлекеттік қызметті бір ретік SMS арқылы алуға болады.

«Бүгінде азаматтар мемлекеттік қызметтерді негізінен халыққа қызмет көрсету орталықтарында алады,  бірақ бұл мақсатта Egov электронды порталын пайдалануға да болады.  Кейбір адамдар компьютердің тілін түсінбейді. Бірақ қызметтерді телефон арқылы алудың бірнеше жолы бар.  Біз соны насихаттап жатырмыз», – деді Семей қаласының №3 халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Ернұр Сұлтанов.

Автобусқа мінген жолаушыларға Telegram мессенджеріндегі арнайы бот – @EgovKzBot туралы айтылды. Оның көмегімен 25 түрлі анықтама мен сервисті пайдалануға болады, мәселен, емхана тіркеуіне тұрып, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында кезек уақытын брондауға мүмкіндік бар.

«Мен Telegram қосымшасын орнату арқылы мекенжай анықтамасын алуға болатынын білмедім. Жұмысқа тұрғанымда менен бұл анықтаманы талап еткен. Енді ол үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ екенін білемін», - дейді жолаушылардың бірі.

Акцияны ұйымдастырушылар мобильді ХҚО-дан кеңес алған бірнеше адамның өзі мемлекеттік қызметтерді электронды форматта ала бастаса, бұл олар үшін жетістік боп саналатынын айтады. Болашақта Семейдегі «Қоғамдық көліктегі ХҚО» шарасы тағы бірнеше мәрте жүргізіледі.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
ШҚО бойынша    филиалының Баспасөз      қызметі
Тел: +7 701 5804921
 e-mail: pr.manager.vko@gmail.com