«Ата Заңым-Айбарым!»

30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заңым-Айбарым!» атты салтанатты жиын және мерекелік концерт Абай аудандық мәдениет үйінде өтті.

Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 жылдығына арналған мерекемен құттықтап, Қазақ Күресінен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Нұғымаров Айбек Серікболұлын және «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қоржыкенов Серік Сәпенұлын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Жармұханбетовты, Көкпекті ауданында өткен Халықаралық «Толағай серісі-19» сайысына қатысып, жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені жеңіп алған «Толағай сұлтаны» атағының иегері Айдос Үркімбаевты «Абай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен» марапаттады.

«Десаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен аудандық орталық емхананың көз дәрігері Қалбабаева Бақытгүл Ережепбайқызы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен Гүлсім Кенжеханқызы, Абай ауданы әкімінің Алғыс хатымен Абай ауданының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Медеуқанов Ернұр Қайнарұлы, 46 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау сержанты Қыдырмин Айбек Сейпілұлы, 46 өрт сөндіру бөлімше командирі азаматтық аға сержанты Оразов Заңғар Серикқанович ел игілігі жолында елеулі еңбек етіп, ауданымыздың мәртебесін көтеруге үлес қосқаны үшін марапатталды.

Биылғы жылы ел көңілінде орын алған Арыс қаласында болған апатқа байланысты барша Қазақстан халқымен бірге Абай ауданы да көмек қолын созып, ауданның бірнеше азаматтары аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы барып, қаланы қалпына келтіруге  атсалысқан болатын. Арыс қаласына барып, көмек жұмыстарын жасаған азаматтар Еділбаев Марат Сейтжағыпарұлы, Батырбаев Аян , Ғабитов Аман , Жолжігітов Еркін, Сағатов Дәулет, Тайтөлеуов Кахарман, Айдынұлы Жандос , Жармуханбетов Еркебұлан , Мейрамбекұлы Дастан , Рахымбеков Мейрбек , Баймағұлов Айбұлат , Бактыгали Бейбит , Искаков Талгат, Жеделгазин Ернур, Әділғазин Тілек, Құдайбергенов Жарқын, Жақсыбек Таңнұр марапатталды.

Мерекелік кеште «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің концертін тамашалады.