30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Абай ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Абай аудандық мәдениет үйінде «Ата Заңым-Айбарым!» атты салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті.

Салтанатты мереке барысында Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 жылдығымен құттықтап, Ауданымыздың мәдениеті мен спортына, денсаулық сақтау саласының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан азаматтар мен азаматшалаға алғыс білдіріп, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Марапаттаулар қатарынан біздің де қызметкерлер  ел игілігі жолында елеулі еңбек етіп, ауданымыздың мәртебесін көтеруге үлес қосқаны үшін Абай ауданы әкімінің Алғыс хатымен Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Медеуқанов Ернұр Қайнарұлы, 46 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Оразов Заңғар Серикқанович және өрт автокөлігінің жүргізушісі азаматтық қорғау аға сержанты Бөбенбаев Мерей Маратұлы марапатталды.

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі