Шөп – өрт объектісі

Шөп – өрт объектісі. Жеке секторда ірі жем-шөп дайындау басталғаннан бастап аула аумақтарында шөпті дұрыс жинамау салдарынан өрттер  көбейеді. Жойылған мал азығының саны үлкен көлемге жетеді, бұл ірі материалдық залал келтіруге және шаруа қожалықтары қызметкерлерінің еңбектерін жоққа шығаруға алып келеді. Өрт жақын маңда орналасқан шаруашылық құрылыстарына да жылдам таралады. Осындай өрттердің негізгі себептері тұрғындардың отпен және от жағу көздерімен абайсыз болуы, балалардың отпен ойнауы болып табылады.

Құрметті азаматтар, дайындаған жем-шөптеріңіздің жануына жол бермеу мақсатында, Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі келесідей өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауды ұсынады:

1. Тұрғын үйлердің үй-жайлық учаскелерінде ірі жем-шөп жинау орны ғимараттарға және аула құрылыстарына кемінде 15 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Ірі жем-шөпті көрсетілген қашықтықта жинау мүмкін болмаған жағдайда, қойма жанына сыйымдылығы 500 литрден кем емес су кұйылған қосымша науамен қамтамасыз еткен жағдайда, қашықтық 5 метрге дейін қысқартылады.

2. Шөп жинауға жол берілмейді:

   - қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың төбелерінде;
   -  электр желілерінің астында;
   - учаскенің сыртқы қоршауынан 3 метрден кем қашықтықта;
   - көшелерде, жолдарда, үй маңындағы учаскелерден тыс жерлерде.

3. Ірі азықтарды жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспауы тиіс.

4. Шөп жинау орындарында темекі шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды.

5. Шөп жинау орындарында электр жабдықтары болған жағдайда электр сымдары оқшауламасының бүтіндігін қамтамасыз ету қажет, ал жарықтандыру шамдарын жабық түрдегі плафондары бар шырақтарға орналастыру қажет.

6. Міндетті түрде балалармен отпен ойнамау туралы әңгіме жүргізу керек;

7. Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметті шақырыңыз. Мүмкіндігінше қолда бар құралдармен сөндіруге кірісу керек. Адамдар мен жануарларды оттың таралуы мүмкін аймақтан эвакуациялау керек.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу ҚР ӘҚБК 410-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

 

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі