Балалардың отпен ойнауына жол бермеу

Балалардың отпен ойнауынан болған өртті болдырмау үшін не істеу керек:

- балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтыңыз;
- барлық өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жағдайларында үлгі болыңыз;
- сіріңкені балалардың қолы жететін жерлерде қалдырмаңыз;
- балаларға от жағуды, газ плиталарын және электр тұрмыстық аспаптарды өз бетімен қосуын болдырмаңыз;
- балалардың от жағуын қадағалаңыз;
- үйден шығарда кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
-балалардың бос уақытын қызықты етіп ұйымдастырыңыз. 

Өрт кезінде баланы дұрыс әрекет жасауға үйретіңіз. Өрт кезінде немесе жану белгісі байқалған кезде (түтіндеу, жоғары температура, өрт иісі және т.б) кез-кезген жастағы бала өз еркімен ғимараттан шығуы керек.

Өрт туралы ересектерге немесе өрт күзетіне хабарлау керек «101» «112» бірыңғай құтқару телефоны бойынша. Балаға «Болмайды!» дегеннен гөрі сіріңкенің, оттықтың қауіптілігін түсіндірген жөн.

Бұл кеңесті баланың есте сақтауы өте маңызды. Өрт қауіпсіздік ережелерін балаларға жеке үлгі көрсете отырып үйретіңіз. Тек балаларымызға үлкен қамқорлықпен қарау арқылы, балалардың отпен ойнауынан болған өрттің алдын ала аламыз, өз үйімізді, мүлкімізді және ең қымбаты – баламыздың өмірін сақтай аламыз.

 

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі