Виртуалды қойма

Шығыс Қазақстан облысы бойынша  ««Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына сәйкес  «Виртуалды қойма» модулі мынадай тауарлар санаттарына:

- 2019 жылғы 1 шілдеден бастап – қант-қант шикізатына,  тоңазытқыштарға, теледидарларға;

- 2019 жылғы 1 қазаннан бастап – шаңсорғыштарға, электрлі қыздырғыш кедергілеріне, фотокамераларға қолданылатынын хабарлайды.

  Бастапқы кезеңде модуль тек қана автокөліктер қатысты.

 «Виртуалды қойма» - импортталған немесе Қазақстанда өндірілген сәттен бастап бөлшек саудаға не экспортқа сатылған уақытқа дейін тауар қозғалысын автоматты түрде қадағалуаға мүмкіндік беретін ЭШФаж –нің модулі.

«Виртуалды қойма» модулі салық төлеушілерге қоймалар мен сауда орындарын, сондай-ақ сол қоймаларда бар тауарларды тіркеу арқылы қоймалық жұмыс бизнес-үрдісін басқаруға мүмкіндік береді.

«Виртуалдық қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі Комитеттің http://kgd.gov.kz/ru/content/virtualnyy-sklad-1 порталында жарияланған.        

Абай ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы